Дайрбаев Ержан Бакиятович

Дайрбаев Ержан Бакиятович, 1970 жылы 13 мамырда
Семей облысы, Аягөз ауданы, Ақшатау совхозында дүниеге келген. 1977 жылы Ақшатау совхозындағы А.Көшкімбаева
атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, аталған мектепті 1987 жылы
аяқтады.
1987 жылы Талдықорған облысы, Сарқан қаласындағы Сарқан мәдениет
училищесіне «Клуб қызметкері, эстрадалық үрмелі аспаптар» факультетіне оқуға
түсті.
1990 жылы оқуын қайта жалғастырып, училищенің 3-курсынан «Қазақ ұлттық
аспаптар оркестрі» факультетінде білім алды. 1992 жылы аталған оқу орнын «Клуб
қызметкері, қазақ ұлттық аспаптар үйірмелерінің жетекшісі» мамандығы бойынша
тәмамдады.
1992 жылы оқуымен қатар, училище жанындағы мұғалімдерден құрылған «Әсем»
ән-би ансамблінде қызмет атқарды.
1997 жылдан бастап 05325 әскери бөлімінде аға нұсқаушы-музыкант ретінде
жұмысқа тұрды. 1999–2005 жылдар аралығында оркестр старшинасы қызметін атқарды.
1999 жылы «Аягөз-Ару» фольклорлық ансамблін құрды. Аталмыш ансамбль 1999
жылы ҚРҚК Республикалық «ЖАС ҰЛАН» әскери әндер байқауларының гран-при иегері.
2000 жылы Республикалық «ЖАС ҰЛАН» әскери әндер байқауының дипломанты. 2001,
2002, 2003, 2005, 2006, 2008, 2011 жылдары облыстық «ЖАС ҰЛАН» әскери әндер
конкурсының жеңімпазы атанды.
2003 жылы Үшарал қаласында және 2010 жылы Отар гарнизоны, Матыбұлақ оқу
полигонында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының оқужаттығу кезеңіндегі
концерттік іс-шараларға қатысты. 2005 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылға дейін
ҚР Қарулы Күштерінің 10810 әскери бөлімінің оркестрінде әскери дирижер міндетін
уақытша атқарды. Осы кезеңде 2006–2008 жылдары Алматы қаласында ҚР Қарулы
Күштері әскери оркестрлері басшыларының 10 күндік дирижерлер жиынына қатысып,
кәсіби білімін жетілдірді.
2012 жылы ҚР Қарулы Күштерінің фольклорлық
ансамблінің құрамында 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласында өткен
концерттік іс-шараға қатысты.
2015 жылы Астана қаласында өткен «Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына» арналған әскери парадқа қатысты.
2016 жылы шекті жасқа толуыма байланысты 10810
әскери бөлімінен зейнетке шықты. Сол жылдың желтоқсан айынан бастап осы әскери
бөлімнің оркестріне аға музыкант ретінде қайта қызметке қабылданды.
2025 жылы Астана қаласында өткен «Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына» арналған әскери парадқа қатысты. Сол жылдың
тамыз айында өз еркіммен әскери бөлімдегі қызметін аяқтады.
Әскери қызмет атқарған жылдарында үлгілі әскери
тәртіп пен лауазымдық міндеттеріді адал орындағаны үшін 2008 жылы ІІ дәрежелі,
2013 жылы ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, сондай-ақ ҚР Қарулы
Күштерінің құрылғанына 10 жыл және 20 жыл мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде «Аягөз» ұлт аспаптар окестрінің дирижері қызметін атқарып келеді.
