Аскербек Омарханұлы Қаиырханов

Аскербек Омарханұлы Қаиырханов
Аскербек Омарханұлы Қаиырханов, 1970 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылында дүниеге келген. Отбасында он төрт бала: алты ұл, сегіз қыз. Аға-әпкелері мен қарындастары, інілері әртүрлі мамандық иелері. Барлығы домбыра шертіп, ән айтады. Әкесі Омархан Қаиырханұлы 1924 жылы дүниеге келген, анасы Бижамал Зиядақызы 1936 жылы туған. Өнер оған жақтан да дарыған.
1977 жылы Ф. Мұратбаев атындағы орта мектепті бітірген. 1988 жылы әскер қатарына алынып, 1992 жылы елге оралды. 1992 жылы Абай атындағы музыкалық драма театры жанынан ашылған актерлік студияға түсіп, 1994 жылы «артист» мамандығы бойынша тәмамдады.
1994–1999 жылдары Абай атындағы музыкалық драма театрында актер болып қызмет етті. Сонымен қатар Халықаралық инженерлік-педагогикалық университетінде сырттай оқып, бакалавр дәрежесін алды. Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік өнер институтының режиссерлік бөлімін сырттай бітірді.
2000 жылы Өскемен қаласы облыс орталығы болғаннан кейін, қазақ театрын ашу мақсатында Елбасының тапсырмасымен арнайы барған мамандардың бірі болды.
2003 жылы Ұлан аудандық мәдениет үйіне ауысып, «Ұлан» халық театрын ашты. 2003–2016 жылдары режиссерлік қызмет атқарды. 2017 жылы отбасылық жағдайына байланысты Глубокое ауданына ауысып, мәдениет бөлімі басшысының қолдауымен «Шұғыла» жастар театрын құрды.
2018 жылы Бородулиха ауданына ауысып, балалар театрын ашып, режиссерлік қызмет атқарды. 2019 жылдың тамыз айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін директор қызметін атқарды. 2019 жылы «Қарағайлы» этно тобын, «Тамшы» балалар театрын және «Сезім» вокал тобын құрды.
2020–2023 жылдары режиссерлік қызмет атқарды. 2023 жылдан бастап музыка жетекшісі болып жұмыс істейді. Бес баланың әкесі.
Жетістіктері мен сомдаған рөлдері:
Т. Жұртбаевтың «Құнанбай» спектаклінде Түсіпхан – мылқау көріпкел рөлін сомдап, республикалық конкурста лауреат атанды.
Сонымен қатар:
• С. Балтабаевтың «Күшік күйеу» спектаклінде – Қабанбай
• «Қыз жиырмаға толғанда» – Айыпберген
• О. Бөкейдің «Желтоқсан желі» – Қайрат
• Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қодар
• «Қабанбай» спектаклінде – Бөгенбай
• Қадиша Мұқанқызының «Мәңгілік махаббат» – Мұқан рөлі
Қойған спектакльдері
• Асылбек Асқаров – «Желтоқсан түні»
• Қ. Мұқан – «Мәңгілік махаббат»
• Е. Қайырханов – «Жетімдер», «Қарттар үйі»
• С. Шаймерденов – «Дөкей келе жатыр»
• Т. Жұртбаев – «Құнанбай»
• Сонымен қатар қазақ және орыс тілдеріндегі бірнеше ертегілер
Қосымша жетістіктер
• 2000 жылы Шығыс Қазақстан қазақ драма театрының іргетасын қалаған актерлердің бірі болды.
• «Қасым» спектаклін қойып, облыс әкімінің қолдауымен «Өнер қайраткері» атағына ұсынылды.
• Екі оқушсы республикалық «Ұлы дала мұрасы» атты байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.
Атағы: «Өнер қайраткері».
