Сарсембаева Дана Аманкелдіқызы

Сарсембаева
Дана Аманкелдіқызы –аспапта орындаушы (қобыз) бұрынғы Семей облысы, Абай
ауданы, Қарауыл ауылында 1972 жылы 01 қаңтарда дүниеге келді.
Абай аудандық балалар музыка
мектебінде қобыз классы бойынша оқып, үздік аттестатпен бітірді. Оқушы кезінен
өнерпаз бала, өнер әлеміне алғашқы қадамы Ұлы Абай топырағында құрылған, атағы
талай жерді шарлаған «Қаламқас» халық ән-би ансамблінен бастады.
1991-1995 жылдар аралығында Көкшетау
қаласының Біржан сал атындағы музыкалық училищесінің халық аспаптар бөлімінде
білім алып, қобыз классының оқытушысы, оркестр әртісі әртісі мамандығы бойынша
бітірді.
1989-1991 жылдар аралығында Абай
аудандық балалар музыка мектебінде қобыз классының мұғалімі, 1995 жылы арнаулы
оқу орнын бітірген соң осы мектепте өнерлі оқушыларға білім берді.
1999 жылдан «Абай аудандық мәдениет
үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының методикалық кабинетінің
меңгерушісі болып қызмет істеп келеді. Сонымен қоса ауданымыздың мақтанышы,
республикаға танымал «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің музыкант-қобызшысы.
Үнемі ізденісте жүретін, көп еңбектенетін нағыз шығармашылық тұлға. 2002-2019
жылдар аралығында өткен облыстық көркемөнерпаздар ұжымдары байқауында
«Шыңғыстау» фольклорлық ансамблінде, «Қаламқас» халық ән-би ансамблі құрамында
өнер көрсетті. 2010-2015 жылдар аралығында облыстық мәдениет басқармасының
ұйымдастыруымен өткен «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында үздік өнер
көрсеткені үшін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен
марапатталды.
2008 жылы «Қаламқас» халық ән-би
ансамблі құрамында республикамыздың аудан қалаларында және Астанаға 10 жыл
толу мерекесіне Шығыс Қазақстан облысы
атынан барып өнер көрсетіп қайтты.
2011 жылы Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай Шығыс Қазақстан облысының мәдениет мен
өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының
Құрмет грамотасымен марапатталлды.
2012 жылы «Қаламқас» халық-ән-би
ансамблінің 40 жылдық мерей тойына орай мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан
үлесі үшін облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2014 жылы ұлттық бизнес рейтингі бағдарламасы
бойынша «Жым манаы-2014» сертификатымен марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2020 жылы Қазақстан Республикасының Кәсіподақттар
Федерациясының «Кәсіподаққа 100 жыл»
мерекелік медальімен марапатталды.
2021 жылы 21 мамыр мәдениет және өнер
қызметкерлері күніне орай облыстың мәдениет мен өнерін дамытуға өзіндік үлес
қосып, білікті маман ретінде халыққа мәдени қызмет көрсету саласында жемісті
еңбек етіп, өнер адамдарының ұйымдастыру, оларды бір іске жұмылдырғаны үшін
аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылы Республика күніне орай мәдениет
саласының тұрақты дамып, өркендеуі жолында сіңірген абыройлы еңбегі мен елеулі
үлесі және белсенді қызметі үшін
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет
грамотасымен» марапатталды.
2023 жылы «Мәдениет, спорт, туризм және
ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы» ҚБ «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
