Накибаева Бақыт Бесенбекқызы

Накибаева Бақыт Бесенбековна,
Архивтегі жұмыс өтілі -33 жыл.
Накибаева Бақыт Бесенбекқызы 1987 жылдан бастап Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында (бұрынғы Семей облысының мемлекеттік архивінде): 1, 2 санаттағы шаруашылық есеп тобының архившісі, шарттық негізде бөлім меңгерушісі, 1 санаттағы архивші, ведомстволық архивтерді жинақтау және бақылау бөлімінің меңгерушісі, ШҚО ҚЗТҚО құжаттарының сақталуын және мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, 2014 ж. - "ҚЗТҚО" КММ қорларының бас сақтаушысы болып жұмыс жасады.
Б. Б. Накибаева Семей облысының аудандық мемлекеттік архивтер жүйесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты, олардың архив қорларының кешендерін қалыптастырды.
Б.Б. Накибаева "ҚЗТҚО" КММ-нің архивте сақтаудағы ұлттық архив қорының құжаттарының сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын басқарды. Ол құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды, оларды архив қоймаларына орналастыруды ұйымдастырды, құжаттардың құндылығына мақсатты кешенді сараптама жүргізуді жүзеге асырды; құжаттарды қорландыру мәселелерін шешті, құжаттардың құрамы мен мазмұнын, қор құрушылардың маңыздылығын зерделеу негізінде республикалық қор каталогына қорлардың құрамы мен көлемі туралы мәліметтерді ұсынды, қорлардың санаттарын белгіледі; құжаттардың, оның ішінде аса құнды, ғылыми-техникалық құжаттамалардың орталықтандырылған есебін жүргізді, есепке алу құжаттамасының уақтылығын, сапасын, сақталуын бақылап отырды, есепке алу құжаттарына тиісті актілер негізінде өзгерістер енгізді; "Архив қоры" автоматты деректер базасын құруды қадағалап, ұйымдастырылуына тікелей қатысты.
Б. Б. Накибаева ҚЗТҚО – дирекцияның және Шығыс Қазақстан облыстық сараптау-тексеру комиссиясының алқалы органдарының мүшесі болды.
Б. Б. Накибаева ағымдағы жоспарлау мен есептілікті жүзеге асырды, қызметкерлердің құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу жөніндегі жұмыстардың орындалуына талдау жасап отырды.
Өз міндеттеріне деген ерекше адалдық пен жауапкершілік, жоғары кәсібилік Б.Б. Накибаеваға жұмыс орнында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Б. Б. Накибаева архивке жұмысқа келген жас мамандардың ғана емес, сонымен қатар Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында архивтік тәжірибеден өтіп жатқан институттар мен колледждердің студенттерінің тәлімгері болды.
Архив саласындағы жоғары еңбек жетістіктері мен көп жылдық еңбек қызметі үшін Б.Б. Накибаева бірнеше рет Шығыс Қазақстан облысы архивтер және құжаттама басқармасының, Семей қаласы әкімінің, "ҚЗТҚО" КММ Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
