Қоңыр әулие үңгірі, біздің дәуір VII-VIII ғасырлар

Қоңыр әулие үңгірі, біздің дәуір VII-VIII ғасырлар
Б.з VII-VIII ғ.ғ Абай ауданыТоқтамыс батыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 километр, Шаған өзенінің оң жағалауында
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Шаған өзенінің оң жағасында орналасқан. Үңгірдің тар ауызы Шаған өзенінің жарқабақты жиегінен 80-100 м жоғары орналасқан. Ұзындығы 65-70 м, ені 10-22 м, биіктігі 2-14 м. Осы негізгі үңгірдің оң жағында 15 м жерде ені 50 см, биіктігі 110 см тар куыс бар. Бұл тар қуыс кеңейе келе ұзындығы 12 м, ені 10 м, биіктігі 5 м-дей үлкен бөлмеге ұласады. Бұдан 12 м солтустік багытта үнгір төбесінің биіктігі 20 м, диаметрі 5-7 м 2 күмбезді болып келеді де, көлге жалғасып аяқталады. Негізгі бөлменің төрінен көлге қарай шығар жолда, биіктігі 12-15 м бөлме бар. Үңгір ауасының температурасы 10° тан аспайды.

Тарихи деректер

Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі 1912 жылы өлке тарихы туралы түрлі жазбалар жинағын шығарған, сол жинақта Н.А.Брюханов деген өлкетанушының Қоңырәулие туралы мақаласы бар. Онда үңгірге кіре беріс ауызда құлпытас түрғандығы айтылады. Қоңырәулие үңгірі суының қасиетімен ғана емес, өз атауына байланысты айтылатын тарихи оқиғаларға да бай. Ұлы Абай атамыз Петербордан келген ұлы Әбішті бір топ жолдастарымен сергіп қайтсын деп Қоңырәулиеге жіберуі ғұлама жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының «Өкініште» атты тарауында кеңінен баяндалады. Әбіш тас мүсінге көз салып «Әулие мінекей! Мынау төсекше қашалған тасты көріңдерші. Мынау бас, мынау иық кескіні!... Ұзын дене, бойы былай кетеді? дейді қасындағы Мағаш пен Кәкітайға қарап. Рас, Әбіш «Қоңырәулиенің» сұлу мүсінді емес екендігін, бірақ адам бойына тілеген қуат, киял еткен қайрат байқалатындығын, баяғы адам қиялшылдыққа келгенде, ешкімнен осал болмайтындығында айтып еді. Әбіш жолдастарымен үңгірден шығып, сырт жағындағы бірнеше қорым бейіттерді көріп таңдана қараган кезде Абайдың інісі Көкбай бұларға бір хикая баяндап береді. Жоңғарлар қазақтардан қорғану үшін осы Қоңыр Әулиені паналаған. Абылайдың қолы осы Арқаны бойлап, қуа соғысып келе жатқанда осы қалмақ қолынан тұтқиылда қатты соққы көреді. Үңгірге кіріп, бекініп алған қалмақтар бұларға алғызбай кояды. Сонда Абылайдың қойған шартына сай жаудан айласын асырған Қаракерей Қабанбай батыр «Дарабоз» атанады. Ескерткіш көне түркі дәуірімен мерзімделеді.