Кеңес Одағының батыры З. Белібаевқа ескерткіш

Кеңес Одағының батыры З. Белібаевқа ескерткіш
1985 жыл Абай ауданыАрхат ауылы, "Баян" мәдениет үйінің маңында, Қарауыл ауылынан 70 километр
Бюст гранит тастан жасалған, биіктігі 134 см. Ескерткіштің постаменті темірбетоннан салынған, ашық түсті керамикалык тақташалармен қапталған, оның биіктігі 1,68 м (өлшемдері: 1,53 м х 0,81 м). Биіктігі 0,56 м сатылы бетон іргетасыда керамикалық тақташалармен қапталған. Өлшемдері 0,4 м х 0.6 м гранит тақтайда «Кенес Одағының батыры Зәкәрия Белібаев 9.05.19175.06.1982» жазуы бар. Тақтаның сол жақтағы жоғарғы бұрышында «Алтын Жұлдыз» медалінің суреті бейнеленген.

Тарихи деректер

Зәкария Белібаев (1917-1982) ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылында туған. Отан соғысының бірнеше майдандарында шайқастарға қатысқан. Кеңес Одағының батыры жұлдызын Зәкария Белібаев 1943 жылы қыркүйектің аяғында Днепр өзені бойындағы шайқас үшін алған. Кеңес Одағы Батырының 100-жылдық мерейтойы қарсаңында, Ұлы Жеңістің 72-жылдығына орай, Семейдегі Дальняя көшесі Зәкария Белібаев көшесі деп аталды. Ескерткіштің авторы Өміртаев Ардақ.