Ақжайлау-I қорғандары

Ақжайлау-I қорғандары
біздің дәуірімізге дейін VII-IІІ ғасырлар Ақсуат ауданышығысқа қарай 600 метр, Талды өзенінің оңтүстік-батысында
Ескерткіштер Қызылкесік ауылдық округіне қарасты Ақжайлау қыстауынан 100 м батыста, Таукебай тауынан 600 м шығыста, Талды өзенінің оңтүстік-батыс жағында орналасқан. Қорым екі қорғаннан тұрады. Ең ірі қорғанның диаметрі 40 м, биіктігі 1,5 м. Үйіндісі тас-топырақ аралас. Қорғанның периметрі бойынша ені 2 м, тереңдігі 0,50 м болатын ор тіркеледі. Екінші қорған бірінші қорғаннан 100 м солтүстік-батысқа қарай орналасқан, диаметрі 20 м, биіктігі 0,30 м, үйіндісі тас-топырақ аралас. Қорғандар ерте темір дәуірімен мерзімделеді.

Тарихи деректер

2011 жылы ескерткіш ЖШС «Археология» тарапынан зерттелді.