Ақжайлау-II қорымы

Ақжайлау-II қорымы
біздің дәуірімізге дейін VII-IX ғасырлар Ақсуат ауданыАқжайлау қыстауынан солтүстік-батысқа қарай 300 метр, Тәукебай тауынан шығысқа қарай 800 метр, Талды өзенінен солтүстікке қарай
Ескерткіш Қызылкесік ауылдық округіне қарасты Ақжайлау қыстауынан 300 м солтүстік-батыста, Таукебай тауынан 800 м шығыста, Талды өзенінің солтүстігінде орналасқан. Қорым әртүрлі көлемдегі 20 қорғаннан тұрады. Қорғандардың диаметрлері 12-20 м, биіктігі 0,20-0,30 м. Үйінділері тас-топырақ аралас, периметрлері бойынша шеңберлі тас қоршаулар (окольцовкалар) тіркеледі. Нысандар арасындағы қашықтық 20-50 м аралығында өзгеріп отырады. Ескерткіштер солтүстік-батыс - оңтүстік-шығыс бағыты бойынша тізбектеле орналасқан. Қорым ерте түркі дәуіріне жатады.

Тарихи деректер

2011 жылы ескерткіш ЖШС «Археология» тарапынан зерттелді.