«Өнер CUP» турнирі

«Өнер CUP» турнирі

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және Abay event өнер орталығының ұйымдастыруымен облыс орталығы Семей қаласында жас өнерпаз болған марқұм Медет Тұңғатовты еске алуға арналған, өнер адамдары арасындағы шағын футболдан дәстүрлі облыстық «Өнер CUP» турнирі өтті.

Турнирге Абай облысының аудан-қалаларындағы мәдениет мекемелері мен өнер орталықтарының қызметкерлерінен құралған 10 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша «Қаламқас» командасы (Абай ауданы) бірінші орынды иеленіп, «ГДК» командасы (Семей қаласы) екінші орынға тұрақтады, ал «Abay event production» командасы (Семей қаласы) үшінші орынға ие болды.

Жеңімпаз командаға Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының атынан ынталандыру сыйақысы табысталды.

Медет Шалқарұлы Тұңғатов 1999 жылғы 11 шілдеде Ақсуат ауданының Үштөбе ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ алғырлығымен танылып, республикалық және облыстық деңгейдегі олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Қоғамдық өмірге белсене араласып, мәдени-көпшілік іс-шараларға тұрақты қатысу арқылы өнерге деген қызығушылығын шыңдап, шығармашылық әлеуетін таныта білді. 2017 жылы Шәкәрім университетінің журналистика мамандығына оқуға түсіп, таңдаған бағыты бойынша кәсіби және шығармашылық дамуын жалғастырды. 


Медет Тұңғатов 2018 жылғы 23 қыркүйекте дүниеден өтті.

abai_madeniet_baskarmasy