Орынғожина Лаура Советқызы

Орынғожина Лаура
Советқызы- қоғам қайраткері. 1964 жылы 3 тамызда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Көкбай
ауылында дүниеге келді.
1981-1986 ж.ж. Алматы қаласының
педагогикалық институтының шет тілдері
мамандығы бойынша оқып бітірді.
1986 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай
ауданы Көкбай ауылының М.Әуезов
атындағы орта мектепте ағылшын пәні мұғалімі қызметін атқарды.
1987-1989 жж. аралығында Аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды.
1989-1992 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы
орта мектепте ағылшын пәні мұғалімі қызметін атқарды.
1992-2001 жылдар аралығында Қарауыл
ауылының мектеп-интернатының неміс тілі пәнінің мұғаліміне ауыстырылды.
2001 жылы аудандық Б.Байғожина атындағы
бастауыш мектеп директоры
қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Жарлық бойынша «Құрмет»
орденімен наградталды.
Аудан халқының мәдениетін дамытып, мәдени іс-шаралар өткізіп, қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыруда абыройлы еңбек
атқарып, аудан мәдениеті мен өнерінің дамуына айтулы үлес қосты.
Ауданда әр түрлі шаралар ұйымдастыру
арқылы – өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін, ой-өрісін байытуға, оларды
қоғамның салауатты азаматтар етіп тәрбиелеуге, елі мен жерін сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеп өз үлесін қосып келеді.
Осы жылдар ішінде кәсіби біліктілігі
арқасында, өнерлі жас ұрпақтардың жүрегіне жол тауып, өнерге деген
қызығушылығын оятып, өнерге баулып келеді. Лаура Советқызы бала кезінен
көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, өнер мен білімді өмірде де, қызметте де
қатар ұштастыра білген жан. Еңбек жолын бастағанннан бері аудандық
көркемөнерпаздар байқауында аудан намысын қорғап келді. Көріністер мен
қойылымдардың сценарийін жазып, спектакльдердің сахнада сәтті шығуында еңбегі
зор.
2019 жылдың 14 қарашасынан бастап «Абай
аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
қызметіне тағайындалды.
2022 жылы Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен
марапатталды.
«Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК
директоры ретінде Кеңгірбай би ауылында жаңадан салынған мәдениет үйінің де
теңгерімге алынуына ерекше еңбек сіңіріп,
жөндеу жұмыстарының толықтай жүргізілуіне және мәдениет ошақтарының
халық игілігіне берілуіне айтулы үлес қосты. Бүгінгі таңда аталған мәдениет
ошағы халық игілігіне қалыпты жұмыс жасауда.
Еліміздегі қасиетті, киелі деп саналған 100 нысанның
бірі ретінде тізбеге енген мәдени-тарихи нысан «Қоңыр әулие» үңгіріне
жүргізілген жөндеу жұмыстарының тоқтаусыз жұмыс істеуіне басшылық жасады. Тарихи-мәдени нысандар Сырт Қасқабұлақ,
Құнанбай Өскенбайұлы ұрпақтарының қорымы, Қ.Өскенбайұлы мұрағатының Абай
аудандық мәдениет үйінің теңгеріміне алынуына ерекше еңбек сіңіріп, жөндеу жұмыстарының толықтай жүргізілуіне
және бұл нысандардың халық игілігіне берілуіне айтулы үлес қосты.
Барлық ауылдық мәдениет үйлері мен
клубтардың және аудандық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын
нығайтуға күш салып, өнер адамдарының жұмыс істеуіне жағдай жасады.
2024 жылы Орынғожина Лаура Советқызы Абай
ауданының мәдениет саласының дамуына және халыққа рухани нәр беруде, ұлттық
өнерді болашаққа жеткізудегі сіңірген айрықша еңбегі үшін «Абай ауданының
Құрметті азаматы» құрметті атағымен марапатталды.
