Азаматов Адай Зейнолдаұлы

Азаматов Адай Зейнолдаұлы

Азаматов Адай Зейнолдаұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Адай Зейнолдаұлы Азаматов 1954 жылы Николаевка (Кентарлау) ауылда дүниеге келген Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театрына 1984 жылдан бастап еңбек етті.

         Сол жылдан бастап ол театрда директордың орынбасары, мәдениет басқармасына қарасты облыстық ғылыми-әдістемелік орталығында директор, қалалық мәдениет басқармасында  меңгеруші болып қызмет атқарды. 2005 жылдан бастап Абай атындағы театрдың директоры болып еңбек етті.

         Адай Зейнолдаұлы өнер саласында танымал тұлға. Бүкіл Семей өңірі өнерінің даму барысына зор үлес қосып жүрген азамат. Оның басшылығымен қыруар мәдени бағдарламалар, шаралар жүзеге асты. Өлкеге, республикаға, шет елдерге танымал өнер қайраткерлерінің еңбегін халық арасында кеңінен насихаттау барысында елеулі табыстарға қол жеткізді.

         Әсіресе Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқауымен жүзеге асып жатқан “Ауыл жылдары” мен “Мәдени мұра” бағдарламалары негізінде атқарылған жұмыс, игі шаралар ел жүрегіне жол тауып, азаматты алғысқа бөледі. 1994 жылы «Қайсар» төбе биімен, 2001 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2003 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. 2014 жылы Моңғолия елінің Баян-Өлгей аймағының Құрметті азаматы атанып, 70 жылдық мерейтой медалімен марапатталды. 2015 жылы Жарма ауданының Құрметті азаматы атанды. 2016 жылы Моңғолия елінің Баян-Өлгей аймағындағы Қазақ театрының 60 жылдық мерейтой медалімен, сондай-ақ «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылы «Абай мұражайы» төсбелгісімен марапатталды. Бүгін қазақтың біртуар азаматы — Адай Азаматов Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жарма ауданының және Моңғолияның Құрметті азаматы болып саналады. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры болып еңбек етті.