Камзин Болатбек Еркинбекович

Камзин Болатбек Еркинбекович

 Камзин Болатбек Еркинбекович  бұрынғы  Семей облысы, Бесқарағай ауданының,  Беген ауылында 1960 жылдың  9 шілдесінде дүниеге келген. 1967 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1977 жылы 10 жылдықты бітірген.

1977- 1978 жылдар  аралығында  СПТУ 101 де шофер оқуын оқып,әскер қатарына шақырылғанға  дейін  мамандығы  бойынша жұмыс істеді.

1978 -1980 жылдар аралығында Москва облысы Загорск қаласында әскер қатарында болды.

1981 - 1982 жылдар аралығында ауылдағы МТМда, газоэлектро сварщик болып жұмыс істеді.

1982-1984 жылдары Семейдің Абай атындағы Мәдени-ағарту училищесіне режиссер мамандығын алу үшін түсіп, оны ойдағыдай аяқтап, диплом алды.

1984-1987 жылдары туған ауылында кәсіподақ клубына меңгеруші болып тағайындалды.

1987-1991 жылдары Ленинград жоғарғы кәсіподақ, мәдениет мектебінің режиссура бөліміне оқуға түсіп, диплом алады.

1991-1993 жылдары туған ауылында клуб меңгерушісі болып қызмет етіп, «Халық театры» атағын алып, «Жетістігі үшін» төс белгісімен және облыстық кәсіподақтың грамотасымен марапатталды.

1993 жылдан  бері  Семейдің  М.Төлебаев  атындағы  музыкалық училищесіне режиссер, оқытушы болып қабылданады.  Осы 29 жыл қызметінде 14 санатты жоғарғы дәрежелі оқытушысы атанды. Ұлы Абайдың 150,175 жылдығына арналған «Жаралы жүрек» телеспекталін орталық телеарнадан екі рет көрсетті. «Абай ауылындағы той» театрландырылған қойылымын қойды.  Қалалық «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» іс-шараларына сайыскерлер дайындап, сценарийлер жазып, көптеген марапаттауларға ие болып жүр. Қалалық «Наурыз» мейрамына сценарийлер жазып, оны өз шәкірттерімен қала жұртшылығына көрсетіп, көптеген алғыс, марапаттарға ие болды. Қалалық, облыстық іс-шаралардың қазылар алқасының белсенді мүшесі.  Жарма, Абай,  Бесқарағай аудандарына режиссерлық қол үшін беріп, көптеген спектакльдер мен концерттік бағдарламаларға септігін тигізді. Шәкірттері Астана циркі мен театрларында әртіс болып қызмет істеуде. Атап айтқанда: Шүйіншиев Дәулет цирк клоуні, Тоқманғалиева  Сая Астанада Қ.Қуанышбаев  атындағы мемлекеттік театрдың танымал актрисасы. Бекзат Омашев, Әсел Нұрланова және Альмира Айтжанова, Балжан Тұрысбекова,Айтолқын Мухиденова және Бисат Шағыров Абай атындағы музыкалық-драма театрының артистері, сонымен қатар Елдос Қасымбеков  пен  Ербұлан Қалым  «Семей қаласы «Дариғай» жастар театры» КМҚК артисі.   2008 жылы Бесқарағай ауданының 80- жылдық мерейтойына және   Нұрлыбек Баймұратовтың  120 жылдығына  арнап «Нұрлыбек – ақиық ақын» атты поэтикалық драмасын жоғары режиссерлық денгейде қойды. 2009 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арнап М. Ғабдуллиннің «Жас қазақ»шығармасың сахналап аудан жұртшылығына көрсетті. 2010 жылы Абай Құнанбаевтің 165 жылдық мерей тойына арнап «Абай ауылындағы той» театрландырылған концертің Өскемен қаласында өткен Бесқарағай ауданының жәрменкесіңде облыс жұртшылығына көрсетті. 2011 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі ұйымдастырған Республикалық колледжаралық фестивальда  «Әкім келеді»  комедиясын  өзі жазып, сахналады, ІІ – орын лауреат атағын иеленді. 2011 жылы Бесқарағай ауданының «Жас Отан» жастарының бастамасымен Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» пьесасың сахналап аудан жұртшылығына көрсетті.  2012 жылы бірінші облыстық  «Халық театрлары»  фестивальіне қатысып, үздік режиссерлық жұмыс номинациясына ие болды. Және бір студенті «Үздік бозбала» номинациясын алды. 2012 жылы «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында , Шығыс Қазақстан облысының 80жылдығы және Мұхтар Әуезовтың 115жылдығына орай Риддер қаласында өткен Бесқарағай ауданының мәдени күндерін өткізуге белсене атсалысып М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек»трагедиясың сахналап көрсетті. 2013 жылы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен студент жастар театрының фестивалінде бас жүлдені иеленді. 2014 жылы Семей қаласында өткен «Студенттік театр көктемі» фестивалінің бас жүлдесінің иегері. 2015 жыл Желтоқсан  айында  Аягөз қаласында ҚМДБ және Ішкі саясаттың қолдауымен «Адасқанның айыбы жоқ» діни драмасын «Қозы көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде қойды, Аягөз қаласының әкімшілігінің Алғыс хатымен марапатталды. 2015 жыл Желтоқсан айында Аягөз қаласында ҚМДБ және Ішкі саясаттың қолдауымен «Адасқанның айыбы жоқ» діни драмасын «Қозы көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде қойды, Аягөз қаласының әкімшілігінің Алғыс хатымен марапатталды. 2015 Сәуір айында Павлодар қаласында өткен Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына арналған әуесқой жастар мен студенттер театр ұжымдарының Халықаралық фестивалінде ІІІ орынды иеленді. Қоғамдық жұмыстарға белсеңе араласады. 2016 жыл Ақпанның 20-да ҚМСда «Адасқанның айыбы жоқ» діни драмасын халықтың сұрауы бойынша екі мәрте көрсетті, Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жыл Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Жас айтыскер» шығармашылық байқауының сценарийін жазды, Алғыс хатқа ие болды. 2014 жылы Семей қаласында өткен «Студенттік театр көктемі» фестивалінің Бас жүлдесінің иегері. 2016 жылы,ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. 2016 жыл Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Жас айтыскер» шығармашылық байқауының сценарийін жазды, Алғыс хатқа ие болды.

2017 жыл,Семей  қаласының Алғыс хаты.

2017 жылы,Қазақстан КВН Одағы.Алғыс хат.Астана қаласы.

2018 жыл,Алаш үміті,Халықаралық рухани жаңғыру фестивальі. «Үздік жетекші» және «Алтын жүлде» Лауреты,Диплом.

2018 жылы,Бесқарағай ауданының әкімі. Алғыс хат.

2019 жылы,Алматы.Қазақстан педагогтар қауымдастығы. «Қазақстанның үздік ұстазы» ордені.

2019 жылы,Бейбітшілік әлемі.Халықаралық ұстаздар одағы. «Ұстаз даңқы – 100 есім» төс белгісі мен Диплом.

2019 жылы Назарбаев зияткерлік мектебі.Семей қаласы. Құрмет грамотасы.

2019 жылы, Абай ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. Диплом.

2020 жыл,Семей қаласының әкімі.Құрмет грамотасы.

2020 жылы,ШҚО Білім басқармасының Алғыс хаты.

2020 жылы,Семей қаласының Кәсіподақ басшысынан,Құрмет грамотасы.

2020 жылы,Абай ауданы,Архат ауылдық округінің әкімінің Алғыс хаты.

2021 жылы,Семей қаласы,Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.Алғыс хат.

2021 жылы,Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы.Семей қаласы.Алғыс хат.

2021 жылы,Семей қаласының жастар ресурстық орталығы. Алғыс хат.

2021 жылы,Семей қаласы.Республикалық «Абай Құнанбаев» қоры.Алғыс хат.

2021 жылы,Бесқарағай ауданының әкімі.Алғыс хат.

2022 жылы,Халықаралық дамыту орталығы.Диплом. 1- орын.»Үздік мерекелік сценарий» үшін.

2022 жылы,мамырда «Беген Халық театрына 30 жыл» естеліке кітабының Тұсау кесері.Аудан әкімінің Алғыс хаты.

2022 жылы, «Ысырапшыл болма жамағат» Мәуліт мерекесіне арналған театрландырылған қойылымның сценарисі және қоюшы режиссері. Алғыс хат.

Отыз жыл бір ұжымда еңбек етіп, әріптестерімен сыйлы қарым – қатынаста. Мол тәжірибесінің арқасында шәкірттерімен көптеген жетістіктерге жетіп жүрген ұлағатты ұстаз. Жұбайы Фарида екеуі екі ұлды тәрбиелеп өсіріп, оқытты, үйлендірді. Алты немере сүйіп, тәрбиелеп отырған бақытты да үлгілі жанұя.

Камзин  Болатбек  Еркинбековичтің   Абай облысы  Бесқарағай  ауданы, Беген ауылдық округі және «Бесқарағай ауданының құрметті азаматы» атағын иеленді.