Кучукова Роза Амантаевна

МІНЕЗДЕМЕ
1964 жылы 08
маусымда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бурное
ауылында туды. 1981 жылы Бреусова атындағы орта мектебін бітірген. 1981
жылы Семей қаласының жеңіл өнеркәсіп
техникумының «тігін-технолог»
мамандығын тамамдады. 2002 жылы
Семей қаласының Мұқан Төлебаев атындағы
музыка колледжіне сырттай оқуына түсіп, 2006 жылы аталған колледждің педагог-мәдени демалыс
ұйымдастырушы, бұқаралық театрландырылған қойылымдар режиссері мамандығын
тамамдап шықты.
2000 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың қазан айы аралығында Курчатов қалалық
Мәдениет үйінде нұсқаушы (инструктор) қызметін атқарды. 2007 жылдан 2011 жылдар
аралығында Дегелен стансасында әскерилендірілген теміржол күзет бөлімінде
күзетші қызметін атқарды. 2011 жылдан
2018 жылдары «Компания балапан көлігі» ЖШС жұмысшы болып істеді. 2018 жылдың
қыркүйек айынан 2023 жылдың қыркүйек айы аралығында қалалық кітапханада
кітапханашы, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін № 1 жалпы білім
беретін орта мектебінде қосымша білім беру педагогы болып қызмет атқарады. Сонымен
қатар, «Асыл әжелер» тобының көркемдік жетекшісі, «Атамұра» қазақ мәдени
орталығының мүшесі.
«Жас толқын», «Жас
қыран» көркем сөз оқу үйірмелерінің
жетекшісі. Роза Амантаевнаның шәкірттері көптеген аудан, қалаларғдағы
конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Роза Амантаевна қазақ, орыс тілдерін жетік біледі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жұмысына жауапты, өз ісін жетік білетін маман, әріптестерінің арасында беделді. Үш бала, алты немере тәрбиелеуде.
