Төкей Нұрлан Төкейұлы

Төкей Нұрлан Төкейұлы

Төкей Нұрлан Төкейұлы-«Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері, ҚР мәдениет саласының үздігі. Мемлекеттік қызметтегі белсенді ұйымдастырушылық жұмысын қарқынды шығармашылық қызметімен де сәтті ұштастырып жүрген бірден-бір қайраткер азамат. 2000-2002 жылдары Семей қалалық офицерлер үйіндегі фольклорлық ансамбльдің жетекшісі, 2006-2007 жылдары Семей мемелекеттік филармониясының фольклорлық ансамблінің жетекшісі, ал 2007-2010 жылдары Семей мемелекеттік филармониясының «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижеры ретінде көпшілікке танымал болды.

2010 жылдың қыркүйегінен  бастап Өскемен қаласындағы  Шығыс Қазақстан облыстық мемелекеттік филармониясының  қазақ ұлт аспаптары оркестрінің дирижеры, ал 2012 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың маусымына дейін аталған  оркестрдің бас дирижеры және көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

2014 жылдың тамызынан бастап бас дирижерлық  қызметін Семейдегі «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінде абыроймен жалғастырып  келеді.

Төкей Нұрлан Төкейұлы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын  ұстаз (бас қобыз) және жеке орындаушы мамандығы бойынша бітірген.  Шығармашылық жолында 50 ден астам  шығармалар мен әндерді қазақ халық аспаптары оркестріне өңдеп  2009, 2010, 2014 жылдары Семейде, ал 2012 – 2013 жылдары Өскеменде, өзінің жеке шығармашылық концерттерін өте жоғары кәсіби деңгейде өткізді.

         2011 жылдың мамыр айында Талдықорған қаласында өткен М.Төлебаев атындағы  Республикалық дирижерлар конкурсында жүлделі 3-ші орынды иеленіп, лауреат атағын жеңіп алды. Шығармашылық ізденгіштігімен, асқан еңбекқорлығымен ерекшеленетін Т.Н.Төкейұлы өзінің мол орындаушылық тәжірибесін жеткіншек жас өнерпаздарға жалықпай  беріп жүрген ақылшы – ұстаз. 

         Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемелекеттік филармониясы қазақ ұлт аспаптары оркестрі бас дирижеры және Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясы «Бибігүл» халық аспаптары оркестрінің бас дирижеры ретінде облыс, қала көлемінде өтетін  концерттерге ұдайы қатысып, көрермендердің шынайы  ілтипатына бөленіп жүр. Оркестрдің көркемдік жетекшісі ретінде шығармашылық ұжымның кәсіби деңгейінің өсуі жолында көп еңбек сіңіруде.