Жарқын Жақияұлы Шәкәрім

Жарқын Жақияұлы Шәкәрім

Жарқын Жақияұлы Шәкәрім

 

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында   1947 жылдың  4 мамырында дүниеге келген.  Домбырашы-күйші, музыка зерттеушісі.

Қарағанды музыкалық училищесін,

Алматы  Қазақ ұлттық  консерваториясын бітірген. Бүкілодақтық "Мелодия" фирмасының Алматы   студиясында аға редакторы,   "Жалын" баспасында редакторы,   Республикалық музыка аспаптары мұражайының директоры,   Қазақ филармониясында күйші - лектор қызметтерін атқарған.   Қазақ теледидарының музыка бағдарламалары Бас редакциясының редакторы, бөлім меңгерушісі бола жүріп "3амана бұлбұлдары", "Домбыра сазы", "Терме", "Шашу", "Музыкалық киножинама", "Күй-шежіре", "Інжу-маржан" тәрізді хабарларды жарыққа шығарды. Ж.Шәкәрім Ә.Кашаубаевтың фонографқа жазылған   "Ағаш аяқ", "Смет", "Бесқарагер", "Жалғыз арша", "Үш дос", "Балқадиша", "Дудар-ай" әндерін тауып, үнтаспасын жарыққа шығарды. "Әміре",   "Ән жүлдызы" ,  "Амре Кашаубаев"   "Малайсары би-ден Шәмілге дейін","Ән асқары",  «Таскескен тағылымы» (Б Айтқазинмен бірге), «Нұрғиса Тілендиев» (Д Тілендікелінімен  бірлесе жазған) кітаптарының авторы. "Қазақстан телерадио-корпорациясының  "Мәңгілік сарын"  атты қазақ күйлерінің антологиясын  шығаруға үлес қосқан. "Анадан аманат",  "Дүние-кезек", «Абыралыдағы ата зары», «Дүние - кезек», «Темір - Шерткен», «Құртқа тәуіп» « Таскескен» атты күйлер шығарған. "Сазген" фольклорлық ансамблін құрған.

12-Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің дипломанты, КСРО Бүкілодақтық "Білім" қоғамының "Ерен еңбегі үшін" медалімен  және   "Құрмет" орденімен марапатталған. Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері.   Үржар ауданының  Құрметті азаматы.