Ракишев Сымбат Әділханұлы

Ракишев Сымбат Әділханұлы

Ракишев Сымбат Әділханұлы — қазақстандық композитор, саксофонист, аранжировщик, педагог және тәлімгер.

 Шығыс Қазақстан облысы Жаңғыстөбе станциясында дүниеге келген. Найман тайпасының Саржомарт руынан шыққан. Әкесі - учаскелік милиция қызметкері, анасы зертханада санитар болып еңбек еткен.

 1983 жылы №119 СПТУ-ға электрик мамандығы бойынша оқуға түсті. 1985 жылы әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеді. Әскерден кейін Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің үрмелі аспаптар бөліміне «кларнет» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, үш жыл білім алды.

 Отбасын құрғаннан кейін кәсіби шығармашылық жолын «Еураз-шоу» ән театрының құрамында солист әрі вокалист ретінде жалғастырды.

 1997 жылы «Жас Қанат» халықаралық байқауының дипломанты атанды.

 «Dar» жеке вокалдық мектебінің негізін қалаушы. Бұл мектептен еліміздің эстрада саласында танымал болған бірқатар өнерпаздар түлеп ұшты: Лидо, Женісхан, «Денар» тобы, «Домино» тобының солисі Шолпан Төлегенова, продюсер Руслан Әбдіқалиев, сондай-ақ «Асыл», «Арқайым» топтарының қалыптасуына үлес қосты және басқа да өнер иелерін тәрбиеледі.

 Сымбат Әділханұлы — бірқатар музыкалық шығармалардың авторы. Олардың қатарында «Наурыз» аспаптық пьесасы, «Сезім сыңғыры», «Махаббат жыры» (орындаушысы Лидо), «Жанжарым» (орындаушысы Айжан Нұрмағамбетова) және басқа да туындылар бар.

 Қазіргі уақытта өзінің дыбыс жазу студиясын басқарады, аранжировка жасаумен айналысады және ұстаздық-тәлімгерлік қызметін жалғастырып, отандық музыка өнерінің дамуына үлес қосып келеді.