Біләл Алпанұлы Ысқақов

Біләл Алпанұлы Ысқақов

Біләл Алпанұлы Ысқақов

1954 жылы 20 қазанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылында туып  өскен.   Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп,  Алматыдағы П. Чайковский атындағы музыка училищесінде, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алады. Күйші, домбырашы, ғалым. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Домбыра аспабын меңгеруге арналған көптеген әдістемелік кітаптары, қазақ күйлерінің  нота жинақтары мен қазақтың  белгілі  күйшілерінің шығармашылығы туралы зерттеу кітаптарының авторы.