Лобановский П.Д.

Лобановский П.Д.

8. Лобановский Павел Дмитриевич. 1857-1887

Әскери адам және «Халық еркіндігі» ұйымының мүшесі болған. Саяси сенімсіздігі үшін Дондағы Ростов қаласынан Дала өлкесінің генерал-губернаторының қарамағына жер аударылған. 1884 жылдың тамыз айында Семейде тұрады, осында Абаймен танысып, достық қарым-қатынаста болады. 1887 жылы оған Болыстық статистика комитеті әуесқой суретші ретінде Орал өнеркәсіптік көрмесіне суреттер топтамасын дайындау тапсырды. Ол ондаған суреттер салды, олардың ішінде 6-ретпен «Шыңғыстау болысының құрметті қырғызы, Статистика комитетінің мүшесі» деген жазумен Абай портреті белгіленген. Сурет Абайдың әдеби-мемориалдық музейінде сақталуда.