Мұратқазы Әлин Сейсенұлы

Әлин Мұратқазы Сейсенұлы
ҚР мәдениет саласының үздігі
1947 жылы наурыз айының 18 жұлдызында бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Саржал ауылында дүниеге келді.Семей педагогикалық иниституның қазақ тілі және әдебиет факультетін(1968 ж.), Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін (1978 ж.) тәмамдаған. Мамандығы ұстаз, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы .
Мұратқазы Әлин сол уақыттан бері ән жазып, өлең шығарып жеке шығармашылықпен шұғылданып келеді. Ең алғашқы әні «Сағыныш»(әні де сөзі де М Әлиндікі) 1964 жылы жарық көрді. Ал оның ақын Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Қыз сағынышы»әні 1967 жылдан бері Республикалық радиодан беріліп келеді. М. Әлиннің «Гүл керек» деген өлеңіне әйгілі композитор Теміржан Базарбаев ән шығарып, ол әнді Әміре Қашаубаев атындағы филармония әншілері Салтанат Сыбанбаева мен Айман Станбекова екі дауыста нақышына келтіре орындап жүр.
Ақының жыр топтамалары «Жазушы» баспасынан шығатын әдеби – көркем және қоғамдық – саяси «Жалын »альманахында (1969ж.),Республика жас ақындарының «Балауса » (1978) деп аталатын жыр жинағында, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас »газеттерінде, халықаралық «Дала »(№1,2002ж.) журналында жарық көрді .Сондай ақ қаламгердің «Шыңғыстаудың Шағаны»(2004ж.), «Тұлға »(2016ж.), «Исағали»(2017.), «Өмір мұраты» (2017ж.) деп аталатын кітаптары оқырмандардан оң бағасын алды.
Мұратқазы Сейсенұлы Әлин отыз жылға жуық мәдениет пен журналистика саласында жемісті қызмет атқарды. 1970-1976 жылдар аралығында Абай аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 1972 жылы аудандық мәдениет үйі жанынан «Қаламқас» ән би ансамблін ұйымдастырады. Ансамбль сол жылдары Республика көлемінен асып, Чехословакия, Франция сияқты мемілекеттерде өнер көрсетті, бүгінге дейін ел ықыласына бөленіп жүр. 2022 жылы ансамбльдің құрылғанына 50 жыл толады.
1982-1985 жылдары Мұратқазы Сейсенұлы Семейдегі Ә. Қашаубаев атындағы фиармонияны басқарды. Есімдері Респубдика жұртшылығына танымал өнер майталмандары Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Бақыт Үдербаева, Тұрсынғазы Рахимов, Келденбай Өлмесеков сияқты өнерпаздармен бірлесе еңбек етті. Одан соң облыстық партия комитетінде нұсқаушы, Абай атындағы мәдени-ағарту учелищесінің директоры болып абыройлы қызымет атқарды, өнерлі жастарды тәрбиелеуде айрықша еңбегі бар.
1990-1996 жылдары Мұратқазы Сейсенұлы Семей облыстық телерадио кампаиясының төрағасы болды. Ұлы Абайдың туғанына 150 жыл (1995ж) толуына арналған ЮНЕСКО деңгейінде өткен үлкен тойдың жоғары идеологиялық мәнде өтуіне зор үлес қосты.
Әлин Мұратқазы Сейсенұлының жеке шығармашылығы, өнерлі жастарды тәрбиелеудегі айрықша еңбегі, шебер ұйымдастырушылық қабілеті, мәдениет пен өнер саласындағы қайраткерлігі үшін мемлекеттік марапатқа лайық деп есептейміз.
