Болатов Думан Ерланұлы

1994 жылы 10 ақпанда ШҚО, Абай ауданы,
Қарауыл ауылында дүниеге келді.
2000-2009 жылы Абай атындағы жалпы білім
беретін мектеп-лицейін бітірді.
2009-2012 ж.ж. Семей қаласының «Семей
көпсалалы» колледжінде білім алды.
2012-2025 ж.ж. аралығында «Абай аудандық
мәдениет үйі» КМҚК «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің концерт жүргізуші, әнші,
дыбыс режиссері болды.
Қазіргі таңда Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның іс-шара жүргізушісі.
Жетістіктері:
2014 жылы ауданының мәдени іс-шараларына белсене қатысқаны үшін
Абай ауданының Жастар орталығының Дипломымен марапатталды.
2014 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске
асыруға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Дипломымен марапатталды.
2015, 2016 жылдары ауданның мәдениеті
мен өнерінің дамуына сүбелі үлес қосып, үздік нәтиже көрсеткені үшін «Жылдың
үздік жас өнерпазы», «Жыл үздігі» номинацияларымен марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік-қасиетті ұлы ұғым» атты аудандық
көркемөнерпаздар байқауына белсене қатысып, ерекше өнер көрсеткені үшін аудан
әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2016
жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін ХХ халықтық спорт ойындары
аясында өткен Абай ауданы «Асыл мұра»
номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп, жетістікке жетуіне қосқан үлесі үшін
облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2017 жылы 21 мамыр Мәдениет және өнер
қызметкерлері күніне орай ауданның мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі
мен шығармашылық ізденісі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2020
жылы Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай жемісті еңбек етіп, жоғары кәсіби біліктілік,
шебер ұйымдастырушылық қабілеті үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2021
жылы 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай аудан мәдениет мен
өнерінің дамуына айтулы еңбегі үшін ауданның мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы жергілікті әнші-композитор Кентау Назарбектің «Бір бәйтерек, бір шынар» атты ән-фестиваліне
қатысқаны үшін Абай ауданы бойынша білім бөлімі басшысының «Алғыс хатымен»
марапатталды.
2021
жылы 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан
облысы мәдениет басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2022 жылы Абай ауданының мемлекеттік
жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін «Жылдың жас өнерпазы»
номинациясы бойынша аудан әкімінің Дипломымен марапатталды.
