Бекмұханбетов Дамир Бауыржанұлы

Бекмұханбетов
Дамир Бауыржанұлы-аспапта орындаушы (саз сырнай, фортепиано, дауылпаз) 1982
жылы 31 шілдеде ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келді. 1988-1999
ж.ж. аралығында Абай ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп лицейінде
оқыды. Білімі жоғары. Семей мемлекеттік педогогикалық институтын «музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген.
Өнер
саласын таңдап, сара жолдың бағыттарын таңдаған Дамир әкенің қаны, ана сүтімен
келген өнерге деген құштарлығы мектеп қабырғасында оқып жүргенде басталған.
Оның өнер жолының өрістеуіне бағыт-бағдар берген ұстаздары және аяулы анасының
ықпалы тиді. Оқушы кезінде мектепте өтетін мәдени іс-шараларға белсене қатысты.
2002 жылы
еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы «Абай аудандық Мәдениет үйі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының саз өңдеуші қызметімен бастаса,
2008 жылдан бастап «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің музыка жетекшісі қызметін
атқарып келеді.
2011 жылы Өскемен қаласында өткен «Мөлдір
бұлақтан» атты отбасылық шығармашылық фестиваліне жанұялық эстрадалық
ансамблімен қатысып облыс әкімінің «Аспаптағы жоғары орындаушылық шеберлігі»
номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. «Сазсырнай» ансамблінің жетекшісі
болды.
2012-2015 ж.ж. ауданның мәдениеті мен өнерінің
дамуына сіңірген еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2012
жылы этнофольклорлық ансамблінің жетекшісі болған.
2016
ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Абай ауданының
рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және мәдениет пен
өнер саласына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Мәдениет саласының үздігі»
номинациясымен марапатталды. 2018 жылы вокалды-инструментальдық ансамбльдің
жетекшісі болды.
Ауданның мәдениетіне көп
жыл еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, жастарды
өнерге баулуда, халыққа рухани нәр беруде, ұлттық өнерді болашаққа
жеткізудегі зор еңбегі үшін «Абай аудандық Мәдениет үйі» КМҚК «Қаламқас» халық
ән-би ансамблінің музыка жетекшісі Бекмұханбетов Дамир Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі»
атағымен, аудан әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.
