Роженцев Иван Викторович

Роженцев Иван Викторович

ӨМІРБАЯН

 

Роженцев Иван Викторович 26.03.1974 жылы Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге кеген. 1999 жылы Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы университет, «баян» мамандығы бойынша бітіріп, Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйіне әртіс қызметінде. Бүгінгі күнге дейін  «Аягөз» ұлт аспаптар оркестрінің музыканты болып жұмыс істейді.  Еңбек жолын бастағаннан бері баян аспабынан басқа саксафон үрмелі аспабын меңгеріп, облыстық байқауларда лауреат атанды.

Ұйымдастыруды білетін, концерттерде өзінің жоғары кәсіби шеберлігін көрсететін сауатты музыкант,  ұжым  арасында беделі зор.

Абай облысы, Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің  МКҚК «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің әртісі (аспапта орындаушы).   

Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің «Құрмет грамотасы» және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марпатталған.