Аманкелді Мамарқалиұлы Чаев

Аманкелді Мамарқалиұлы Чаев

        Аманкелді Мамарқалиұлы Чаев, 1958 жылы туған бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1980 жылы  Семей қаласындағы  М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің «флейташы» мамандығын бітірген. 1985 жылы Ұлы Отан соғысыеың 40 жылдығын арналған «Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының» лауреаты төсбелгісін алды. 1987 жылы «Ұлы Қазан социолистік революциясының 70 жылдығына арналған екінші Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты» медалімен марапатталды. 1998 жылы аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйіне қызметке келген уақытқа дейін, қазақ өнерінің қадірін танытқан  Амангелді Мамарқалиұлы шет елдерде гастрольдерде Мақаншы ауданының  «Інжу маржан» ансамблі  мүшелерінің қатарында  болып өнер көрсеткен. Республикалық және облыстық байқауларының лауреаты, көне аспаптарды насихаттаушы маман.

         А.Чаев тек қана флейта аспабымен қатар. сыбызғы, труба, баян және домбыра сияқты  музыкалық аспаптарды жете меңгерген білімді музыкант. Аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйіндегі «Қозы Көрпеш» халықтық драма театрының белді әртісі болған. 2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Бүгінгі таңда зейнеткер.