Байтерекова Баян Сраиловна

Байтерекова Баян Сраиловна

Байтерекова Баян Сраиловна

Лауазымы, жұмыс, қызмет орны, (бөлімшенің нақты атауын көрсету керек) Абай Қазақстан облысы, Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт  бөлімінің  МКҚК «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің   әртісі.   10.11.1966  жылы Семей облысы, Аягөз ауданы,Тансық ауылында дүниеге келген. Талдықорған қаласының  музыкалық училищесі, «бас қобыз» мамандығы бойынша оқып бітіген.

30 жыл мәдениет саласында оркестрдің  музыканты болып, оркестр құрамында республикалық, облыстық байқауларында жүлделі орындарға ие болды.Сонымен қатар «Қозы Көрпеш» халықтық театрына қатысып,  театрлық қойлымдарда бас рольдерді сомдап  көрермендерге көрінді. 2014 жылы Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрдың 80 жылдығына арналған облыстық ІІ «Халық театрлары» фестивалінде талантымен танылып, шынайы шеберлік көрсете алғаны үшін «ІІ пландағы үздік әйел ролі» номинациясы бойынша  марапатталды.. Лауазымдық міндеттерін және өзге жүктелген кез келген  міндеттерді жоғары деңгейде үлкен жауапкершілікпен атқарады, ұжым  арасында беделі зор.

Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің «Құрмет грамотасыиен» марпатталған.