Кинсфатор Нина Василтевна

Кинсфатор Нина Василтевна

Кинсфатор Нина Васильевна

Кинсфатор Нина Васильевна 1959 жылғы 4 қарашада Жаңасемей ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген.
1977 жылы Новопокровка орта мектебін бітірді.
1983 жылы Жаңасемей аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне Новопокровка ауылында кітапханашы болып қабылданды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде (абонемент) жұмыс істеді. Кітапты ерекше жақсы көргендіктен, бұл жұмыс оған өте ұнады.

1987 жылы Абай атындағы мәдени-ағарту училищесінің кітапханалық бөліміне оқуға түсті. 1989 жылы «кітапханалық іс» мамандығы бойынша оқуын аяқтады. Оқуды тәмамдағаннан кейін оқырмандарға қызмет көрсету бөліміндегі жұмысын жалғастырды. Кейін оқу залының әдіскері, одан соң әдістемелік бөлімнің аға редакторы қызметтеріне ауыстырылды.
Аудандық орталық кітапханада семинарлар өткізіп, Жаңасемей ауданының ауылдық кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында іссапарларға шықты.

Кітапханашы болып жалпы 13 жыл еңбек етті, қызметі барысында басшылық тарапынан бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталды.

1996 жылы 26 қазанда Жаңасемей ауданының қайта ұйымдастырылуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды.
2017 жылы жасына байланысты зейнеткерлікке шықты.

Қызын тәрбиелеп, білім берді. Қазіргі уақытта немерелерін тәрбиелеумен айналысады. Ең алдымен оларға кітапқа деген сүйіспеншілікті және оқу мәдениетін бойына сіңіруді басты мақсат етеді.