Рахымгожина Гүлжамал Баянбайқызы

Рахымгожина Гүлжамал Баянбайқызы

Рахымғожина Гүлжамал Баянбайқызы

Рахымғожина Гүлжамал Баянбайқызы 1938 жылы 19 мамырда дүниеге келген. 1954-1957 жылы Абай атындағы кітапхана техникумының «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алған. 1957 жылы Ақсуат аудандық орталық кітапханасының меңгерушісі. 1963 жылы аудандық кітапхананың оқу залының меңгерушісі. 1966 жылы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі , 1994 жылы осы кітапханадан зейнеткерлікке шыққан.

Кеңес Одағы кезеңінде балалар кітапханасының меңгерушісі ретінде саналы ғұмырын өскелең ұрпақтың білім мен тәрбиесіне арнады. Кітапхана қызметін жүйелі ұйымдастырып, балаларға арналған әдебиеттер қорын толықтыру, сақтау және тиімді пайдалану бағытында нәтижелі еңбек етті. Балалардың жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түрлі тәрбиелік, танымдық іс-шаралардың тұрақты өткізілуіне бастамашы болды. Кітапхана жұмысын сол кезеңнің талаптарына сай жүргізіп, оқырмандар санын арттыруға, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятуға зор үлес қосты. Ұйымдастырушылық қабілеті, талапшылдығы мен жауапкершілігінің арқасында балалар кітапханасы ауданның мәдени-ағартушылық орталықтарының біріне айналды. Өз ісіне адал, тәжірибелі басшы ретінде әріптестеріне үлгі бола білді.

«Алтын алқа» медалінің иегері, 8 бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана

-1987 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды