Балетова Жамал Қалиқызы

Балетова Жамал Қалиқызы
Аягөз аудандық орталық кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарған Балетова Жамал Қалиқызы 9 қараша 1953 жылы Аягөз ауданының Таскескен селосында дүниеге келген.
1961-1971 жылдары Таскескен ауылының Ы.Алтынсарин атындағы мектебінде 10 класстық білім алған.
1971 -1974 жылдары Таскескен ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарған. 1974 жылы Семей қаласындағы бір жылдық кітапханашы курсын тәмамдаған. 1982-1984 жылдары Аягөз қалалық орталық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарған. 1984 жылы №7 қалалық кітапханасында аға кітапханашы қызметін атқарған.
1988 – 1990 жылдары Семейдің Абай атындағы мәдени – ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығын тәмамдаған.
1998 жылы Аягөз аудандық кітапханасына кітапхана қызметіне қабылданып, 2007 жылдан бастап Аягөз ауданды орталық кітапханасының кітапхана меңгерушісі қызметін атқарған. 2014 жылдан бастап зейнеткерлікке шығуына байланысты құрметті демалыста.
Аягөз аудандық орталық кітапханасына қарасты 22 ауылдық кітапханалардың қызметін қадағалап, әдістемелік көмек көрсетті. Оқырман қауымға кітапханалық-ақпараттық қолжетімділіктің уақытымен көрсетілуін қадағалады. Кітапхана ісімен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Кітапхана саласында қызмет атқарған уақыттарында облыстық, аудандық Құрмет грамоталар және Алғыс хаттармен марапатталған.
Балетова Жамал Калиқызы ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөле білетін, өнегелі әулеттің құрметті анасы, асыл әже.
