Шениязова Галия Ануарбековна

Шениязова Ғалия Ануарбекқызы
(20.12.1941 – 20.12.2005)
Шениязова Ғалия Ануарбекқызы - оқу залының кітапханашысы.
Шениязова Ғалия Ануарбекқызы 1941 жылғы 20 желтоқсанда Семей (Семипалатинск) қаласында дүниеге келген.
Білімі - орта арнаулы. 1963 жылы Абай атындағы Семей кітапхана техникумын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жалпы еңбек өтілі – 35 жыл, оның ішінде кітапхана саласындағы қызметі – 35 жыл.
Еңбек жолын Саяси-ағарту үйінде бастап, 1991 жылға дейін осы мекемеде кітапханашы болып қызмет атқарды. Мекеме жабылғаннан кейін Абай атындағы облыстық кітапхананың оқу залында кітапханашы болып 7 жыл еңбек етті. 1998 жылы зейнеткерлікке шықты.
Мол тәжірибесі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде жас кітапханашыларға тәлімгер болды. Кітап қорын мінсіз білетін маман оқырмандарға сапалы және тиімді қызмет көрсете білді. Оның басшылығымен Саяси ағарту оқу үйі кітапханасының кітапханалық каталогы және мақалалардың картотекасы жасалды.
Көп жылғы адал еңбегі үшін Шениязова Ғалия Ануарбекқызы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
