Амренова Жұмағайша Жағыпаровна

Амренова Жұмағайша Жағыпарқызы
Амренова Жұмағайша Жағыпарқызы 1944 жылы дүниеге келген.
Семей қаласындағы кітапхана техникумын бітірген. Жұмағайша Жағыпарқызы көп жылдары облыстық балалар кітапханасында кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде кітапханашы болып қызмет атқарды.
Қызмет барысында кітапхананың қорын әлеуметтік маңызы бар басылымдармен толықтыруға баса назар аударып, оқырман сұранысына орай отандық және ресейлік кітап баспаларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, кітап қорын сапалы әдебиеттермен толықтыру шараларын жүзеге асырған. Кітапхана қорының дер кезінде маңызды басылымдармен толықтырылып отыруына ықпал еткен.
1995 жылдың қазан айынан 1997 жылдың наурыз айына дейін Абай атындағы кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде қызмет атқарды.
Жұмағайша Жағыпарқызы қызмет барысында кітапхананың жұмысын дамытып, кәсіби біліктілігімен, жоғары жауапкершілігімен көзге түскен. Балалар бөлімінің кітапханашысы қызметінде жүріп, кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандарға ақпараттық қолдау көрсетуде өз біліктілігін көрсете білді. 1998 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Амренова Жұмағайша Жағыпарызы өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына байланысты ұжымның құрметіне ие болды. Ақкөңіл, әзілге жақын мінезімен әріптестері арасында беделі жоғары болды. Кітапхана саласын дамытуда қосқан үлесі үшін бірнеше рет облыстық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет Грамоталарымен марапатталды.
