Омаров Әбдікәрім Еменұлы

Омаров Әбдікәрім Еменұлы

                                                Өмірбаян

Омаров Әбдікәрім Еменұлы 1962 жылы 10 қаңтар Аягөз ауданында дүниеге келген. 1969  жылы Аягөз ауданы Мыңбұлақ орта мектебіне қарасты №1 ферманың бастауыш мектебінің 1 сыныбына барып, 1979 жылы Мыңбұлақ орта мектебін тамамдаған.

1979-1980 жылдар Таскескен училищесінің шоферлік курсын оқып, жүргізуші куәлігін алған.

1980-1982 жылдар Кеңес Армиясы қатарына шақырылып Ресейдің Мәскеу облысында өз борышын атқарған. 1982-1983 жылдар Мыңбұлақ совхозына түрлі жұмыстар істеген.

1983-1986 жылдар Семей құрылыс техникумға түсіп ойдағыдай «Жол құрылыс» бөлімін аяқтаған.

1986 жылы Жезқазған облысы Сары-Шаған елді мекенінде   мамандығы бойынша «Жол шебері» қызметін атқарған. Осы жылы Қазақ мемлекеттік Абай атындағы Педагогикалық институтының көркем сурет факультетіне сырттай оқуға түсіп, 1991 жылы аяқтаған.

1987 жылы ақпан айынан Аягөз қаласының №2 қазақ орта мектебінде (қазіргі Д.Бабатайұлы ат. жалпы білім беретін мектеп) үзбей 2025 жылға дейін 38 жыл бейнелеу өнері және сызу пәндері бойынша ұстаздық қызмет атқарып зейнетке шыққан.

Осы еңбек жолында көптеген жетістіктерге жеткен. Көптеген оқушылары республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары, аудан көлемінде бірнеше мәрте іс тәжірибесі таратылған. ҚР Оқу ағарту министрлігінен Құрмет грамотасымен марапатталған.

1990 жылдан бері домбыра жасаумен шұғылданады. Музыка аспабын жасаушы шебер. Бірнеше дүркін республикалық жасаушы шеберлердің байқауына қатысып марапатталған. 2022 жылдан Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі.

Төмендегідей төс белгілермен марапатталған:

1.                     «Еуразиялық дизайнерлер одағының 10 жылдығына»;

2.                      «Абай ат. ҚазҰПУ 50 жыл»;

3.                     «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген  еңбегі үшін»;

4.                     «ШҚО кәсіодақтарына 100 жыл»;

5.                     «Білім саласына үлес қосқан үшін».