Сыбанов Болат Күнтуұлы

Сыбанов Болат Күнтуұлы

Сыбанов Болат Күнтуұлы (1938-1998 жж.), әнші, әртіс

Сыбанов Болат Күнтуұлы еңбек жолын 1957 жылы Абай атындағы қазақ драма театрында әртіс болудан бастап, біраз уақыт Алматы филармониясында солист болып, кейін Семей қаласына оралып, өмірінің соңына дейін туған сахнасында еңбекетеді. Өзінің театрдағы шығармашылық жолында Болат Сыбанов 100-ден астам көрнекті образды сомдаған.
Қазақ халқының радио мен телеарнасының алтын қорына оның авторлық орындауымен мынадай әндері енген: «Ақ бұлақ», «Таң самалы», «Ғашықтар термесі», «Жан ана», «Әке туралы» т.б. Көптеген әндері Түркия, Швеция, Германия, Моңғолия, Қытай елдеріне де танымал.
Ол біршама спектакльдерге қатысқан, олардың қатарында: «Тау қызы», «Волоколамское шоссе», «Шыңғыс хикаясы».
Болат Сыбанов - арнайы музыкалық білімі болмаса да, домбыра, фортепиано, баянда жақсы ойнаған. Оның музыкалық шығармашылығын «Мелодия» фирмасымен жарық көрген күйтабақ та дәлелдейді. Әртіс әрі музыкант 1998 жылы 14 ақпанда 60 жасқа толған шағында дүниеден өтеді.