Айтбаева Ария Ашманқызы

Айтбаева
Ария Ашманқызы –би жетекшісі. 30 тамыз 1969 жылы
бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылында дүниеге келді.
1989 жылы Семейдің Абай атындағы
мәдени-ағарту училищесінің хореография бөлімінің орта дәрежелі мәдениет-ағарту
қызметкері мамандығы бойынша бітірді.
1977-1986 жылдары Кеңгірбай би
ауылында Шыңғыстау орта мектебін бітірді.
1989 жылы Абай аудандық мәдениет үйінің «Қаламқас» халық ән-би ансамбіліне би
жетекшісі болып жұмысқа қабылданды.
«Қаламқас» халық ән-би ансамблінің
құрамында 1991 жылы Қытай, 1992 жылы Түркия мемлекетінде өнер көрсетті.
1992
жылы Түркия мемлекетінде өткен халықаралық би фестивалінің Гран -При иегері.
2004
жылы Астана, Алматы қалаларында өткен
1-ші Халықтар достығы фестивалінің лауреаты.
Бірнеше
рет аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, дипломант, лауреат атанды.
Ұлы
Абайдың рухани мұрассын, қазақ өнерінің тарихын ән-кү би қазынасын
насихаттағаны үшін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының
Алғыс хатымен марапатталды.
2010
жылы «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында облыс өнері мен мәдениетін
дамытудағы еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Алғыс
хатымен марапатталды.
2010
жылы 29 сәуір-Халықаралық би күніне орай «Кел билейік» атты жеке шығармашылық
есеп беру кешін өткізді.
2012
жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет
саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
