Сейтқазин Болат Кабденович

Сейтқазин Болат Кабденович
Абай облысы, Аягөз
ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің МКҚК «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің хореографы.
Сейтқазин
Болат Кабденович 1985 жылы 30 қыркүйекте Семей облысында, Ұржар ауданында ,
Таскескескен ауылында дүниеге келді.
1992 жылдан 2001 жылға дейін Таскескен ауылында
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9 сыныбын бітірді. 2001 - 2004 жылдар
аралығында Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің,
«хореография» мамандығы бойынша
тәмәмдады. 2004-2007 жылдары Аягөз қаласында аудандық «Қозы Көрпеш- Баян
сұлу» мәдениет үйінде еңбек жолын бастадым. 2005-2008 жылдары, сырттай Шымкент
қаласының Қ.А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетін, хореография
мамандығымен бітірді. 2008 – 2010 жылдары Астана қаласында Президенттік «Наз»
ансамблінде биші болып жұмыс істеді.2013-2015 жылдары Семей қаласында «Еураз
шоу» ән- би ансамблінде балетмейстер
жұмысын атқарды.2017-2019 жылдары Туркияның Белек қаласында би театрында биші
болып және Украина мемлекетінде Харьков қаласында бишілер тобында жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары Ұржар ауданы
Таскескен ауылында ауылдық мәдениет
үйінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.2021 жылдан бастап Аягөз қаласында
аудандық «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» мәдениет үйінде хореограф болып жұмыс
істейді.
Шығармашылық еңбек жолындағы
жетістіктер:Украина мемлекетінде2018 жылы Бүкіл украиналық хореографиялық өнер
фестивалінде 2 орын, 2019 жылы 5-ші
Халықаралық фестиваль- байқауда 1 орын, 2020 жылы «Рухани қазына -2020»
Республикалық байқауында «Рамазан Бапов атындағы арнайы жүлде»,2022 жылы Қазақстан Республикасы
мәдениет және спорт министрлігінің
«Құрмет Грамотасы»,2024 жылы Өскемен қаласында
Халықаралық байқау- фестивалі «Көктем фест» -
бас жүлде, 2024 жылы үздік
мәдениет қызметкері аталып « Жыл тандауы
-2024» марапатталды. Сонымен қатар,
көптеген облыстық , аудандық алғыс хаттармен марапатталды. Жылда өзінің
шығармашылық еңбегін халыққа көрсетіп қорытынды концертін береді , 6 шәкірті
М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің «хореография» бөлімінде грантқа ие
болып, би өнерін меңгеруде.
