Карипжанова Зайра Жумановна

Карипжанова Зайра Жумановна

        Карипжанова Зайра Жумановна-би үйретуші (биші). 1979 жылы 18 қыркүйекте Павлодар қаласында дүниеге келген. 1996 жылы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің хореография факултетіне оқуға түсіп, 1999 жылы бітіріп шықты.

       1999 жылдан бастап Т.Аманов атындағы №16 мектепте екі жыл ұстаздық қызмет атқарды.

       2001 жылы Абай атындағы Ж.Кәрменов атындағы саз мектебіне би мұғалімі қызметіне жұмысқа орналасып, қосымша «Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚКның «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің би үйретушісі қызметін атқарып келеді.

Біліктілігі арнаулы орта деңгейдегі жоғары санатты оқытушы және би үйретуші. «Қазіргі заман талабына сай оқушыларға әлемдік және ұлттық би өнерін үйрете отырып, кәсіби орындаушылық шеберлігін дамыту» тақырыбында жұмыс істеп келеді. Тек сабақ беріп қоймай, оқушыларды әр түрлі іс-шараға қатыстыру арқылы, олардың бойына эстетикалық талғампаздықты, қоғам өміріне араласу, қарым-қатынас мектебінен өту сияқты болашақ мамандық иелерінің бойынан табылу керек мінез-құлықты қалыптастырып жатыр. Көптеген конкурстарға оқушыларын қатыстырып, жоғары жетістіктерге жетті.

        2006 жылы «Ақбота» аймақтық байқауында «Өрнек» би тобы ІІІ орын иеленді. «Ақбота» аймақтық байқауында «Өрнек» би тобын жетістікпен дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Аудандық «Жауқазын», «Айгөлек» өнер байқауында би топтары Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

         2007 жылы ІҮ облыстық көркемөнерпаздар байқауында жоғары орындаушылық шеберлігі үшін ШҚО мәдениет басқармасының «Мақтау қағазымен» марапатталды.

        2014 жылы Алматы қаласында «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ ұйымдастыруымен Айгөлек республикалық «Би» номинациясы бойынша «Өрнек» би тобы ІІ орын иеленді.

         2016 жылы Алматы қаласында өткен ІІ Республикалық «Тәуелсіздік-тұғырым» атты байқауында «Өрнек» би тобы Бас жүлде иеленді. ІІ Республикалық «Тәуелсіздік -тұғырым» атты байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін «Атадан-мұра» қоғамдық қорының дипломымен марапатталды.

         2017 жылы «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің құрылғанына 45 жыл толуына орай Абай ауданының мәдениет мен өнеріне үлес қосқаны үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім саласына зор үлес қосқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

         2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Наз-Ерке» Халықаралық шығармашылық бірлестігі, «Жастар әлемі» Халықаралық қоғамдық бірлестігі, І Халықаралық «Астана өнерпаздар әлемі» атты байқауында шәкірті Мұратханова Зере Бас жүлде  иеленді.  І Халықаралық «Астана өнерпаздар әлемі» атты байқауында жоғары деңгейде шәкірт дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Сол жылы Семей қаласы «Бейбітшілік әлемі»Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «... Бақытым, Халқым менің!» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде «би»  жанрында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін «Өрнек» би тобы Бас жүлдемен марапатталды.

        2019 жылы. Семей қаласы «Үркер» Халықаралық өнер және білім байқауында  «Өрнек» би тобы Бас жүлдемен марапатталды. «Үркер» шығармашылық орталығының директоры Ғ.Р.Омарбектен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық өнер және білім байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттерді жоғарғы нәтижеде көрсеткені үшін «Үздік жетекші» берілді.

        2019 жылы Семей қаласы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығына арналған «Бақытым, Халқым менің» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде «би»  жанрында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін «Өрнек» би тобы – қазақ биі «Шашу», «Джаз»  билері Бас жүлдемен марапатталды.

      2021 жылы Ауданның мәдениетіне көп жыл еңбегі сіңген қызметкер, шәкірттерін және жастарды  өнерге баулуда, халыққа рухани нәр беруде, ұлттық өнерді болашаққа жеткізудегі зор еңбегі үшін «Абай аудандық Мәдениет үйі» КМҚК-ның би үйретушісі, Карипжанова Зайра Жумановна Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» атағының иегері атанды. Сондай-ақ, аудан әкімінің, облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімі, кәсіподақ ұйымдары тарапынан бірнеше мәрте Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.