Айтбаева Ария Ашманқызы

Айтбаева Ария Ашманқызы

       Айтбаева Ария Ашманқызы –би жетекшісі. 30 тамыз 1969 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылында дүниеге келді.

         1989 жылы Семейдің Абай атындағы мәдени-ағарту училищесінің хореография бөлімінің орта дәрежелі мәдениет-ағарту қызметкері мамандығы бойынша бітірді.

         1977-1986 жылдары Кеңгірбай би ауылында Шыңғыстау орта мектебін бітірді.

         1989 жылы Абай аудандық мәдениет үйінің «Қаламқас» халық ән-би ансамбіліне би жетекшісі болып жұмысқа қабылданды.

        «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің құрамында 1991 жылы Қытай, 1992 жылы Түркия мемлекетінде өнер көрсетті.

        1992 жылы Түркия мемлекетінде өткен халықаралық би фестивалінің Гран -При иегері.

        2004 жылы Астана, Алматы қалаларында өткен   1-ші Халықтар достығы фестивалінің лауреаты.

        Бірнеше рет аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып,  дипломант, лауреат атанды.

        Ұлы Абайдың рухани мұрассын, қазақ өнерінің тарихын ән-кү би қазынасын насихаттағаны үшін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

        2010 жылы «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында облыс өнері мен мәдениетін дамытудағы еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

        2010 жылы 29 сәуір-Халықаралық би күніне орай «Кел билейік» атты жеке шығармашылық есеп беру кешін өткізді.

        2012 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.