Бекбосынов Айбек Серікболсынұлы

Бекбосынов Айбек Серікболсынұлы
26 мамыр
айында 1983 жылы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.
2007 жылы
Қазақ Ұлттық музыка Академиясын дәстүрлі музыкалық өнер мамандығы
бойынша бітірген. 2019 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін
бітірген, гуманитарлық ғылымдар магистрі. 2011-2013 жылдары Алматы қаласының Т.
Жүргенова атындағы Өнер Академиясында
жұмыс істеді. 2013 жылы Л. Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде,
вокалдық аспаптық ансамбльдің аға оқытушысы, сондай-ақ жетекші болып жұмыс атқарды.
Жұмыс
барысында студенттерге тәлімгер болды. Университеттің қоғамдық өміріне
қатыстысып, жұмыс барысында өзін оң
жағынан көрсетті. Жұмысына жауапкершілікпен қарайды.
2020 жылы «Әміре Қашаубаев атындағы
мемлекеттік филармония» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалды. Қазіргі
уақытқа дейін жұмыс атқарады. Айбек Серикболсынұлының басшылығы кезінде
филармония шығармашылықта үлкен жетістіктерге жетті. Рахымғали Мыржықпаев
атындағы эстрадалық-симфониялық оркестр, «Дала үні» акапелла ансамблі, солистер
хоры сияқты жаңа ұжымдар құрылды. «Бибігүл» қазақ халық оркестрінің штаты
артты. Жаңа репертуарлар, бағдарламалар жаңартылды. Филармония әртістері
Қазақстан Республикасы мен шетелге гастрольдік сапармен барды. Жаңа музыкалық
аспаптар, костюмдер алынды. Филармонияның жас әртістері республикалық,
халықаралық байқауларына қатысып, бірінші орын алып, лауреат атанды.
2023 жылы «Телқара» атты күйлер жинағының кітабы басылып шықты. 2023 жылы
22 Ақпанда «Өңерім саған- туған ел» атты шығармашылық концерті үлкен деңгейде
өтті. 2020 -2025 ж. Әміре Қашаубаев атындағы
мемлекеттік филармониясының директоры болып еңбек етті.
