Солтанов Елеукен Даниярұлы

Солтанов Елеукен Даниярұлы

СОЛТАНОВ ЕЛЕУКЕН ДАНИЯРҰЛЫ

Солтанов Елеукен Даниярұлы 1995 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келген.

 

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.

 

2013 жылы Өскемен қаласындағы халық әртістері Абулин ағайындылары атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжіне оқуға түсті. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Өскемен қаласындағы «Ертіс» концерттік мемлекеттік кәсіпорнында оркестр мүшесі болып жұмыс істеді. Колледжді 2017 жылы бітірді.

2017 жылы Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсті. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында нұсқаушы және аға сержант-музыкант болып жұмыс істеді. Университетті 2021 жылы бітірді.

 

2021 жылдан 2023 жылға дейін Семей қаласындағы М. Тулебаев атындағы музыкалық колледжде «үрмелі және соқпалы аспаптар» бөлімінде «кларнет» мамандығы бойынша оқытушы болып жұмыс істеді.

 

2023 жылдан 2024 жылға дейін Астана қаласының Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің «Президенттік оркестрінде» оркестр әртісі болып жұмыс істеді.

 

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін М. Тулебаев атындағы мемлекеттік музыкалық колледжінде «үрмелі және соқпалы аспаптар» бөлімінде «кларнет» классы бойынша мұғалім болып жұмыс істейді.

 

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінде» оркестр әртісі болып жартылай уақыт жұмыс істеп келеді.

 

2025 жылы облыс әкімі Берік Уәлидің қолынан  Руханият-2025 шеңберінде «Үздік аспапта орындаушы» сыйлығын алды.