Толеубаев Талгат Ануарович

Толеубаев Талгат Ануарович Абай облысы әкімінің эстрада симфониялық оркестрінің аспапшы әртісі.
Шығыс
Қазақстан облысының мәдениетін дамыту саласында 33 жылдан астам уақыт жемісті
жұмыс істейтін белсенді, талантты, сауатты музыкант, жоғары музыкалық білімі
бар әйгілі скрипкашы.Концерттік-орындаушылық пен педагогикалық қызметті
үйлестіретін белсенді маман.
2001 жылдан бастап Абай театрында
оркестрдің (скрипка) әртісі болып жұмыс істейді. 2018 жылы халықаралық театр
күніне арналған «Үздік музыкант» құрметті дипломымен марапатталды.
2003 жылдан бастап «Семей
қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияда» жұмыс істеді. 2012
жылдан бастап Әміре Қашаубаев камералық оркестр филармониясының жетекшісі болып
еңбек етті. 2015 жылы мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін филармонияның
құрмет медалімен марапатталды.
2009 жылдан бастап Мұқан Төлебаев
атындағы музыка мектебінде скрипка сыныбына сабақ береді.Толеубаев Талгаттын
оқушылары жоғары оқу орындарында оқиды және республикамыздың
түкпір-түкпіріндегі мәдени орталықтарда, мәдениет және білім беру
мекемелерінде, ірі шығармашылық топтарда жұмыс істейді. Қазіргі таңда Әміре
Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда Абай облысы әкімінің эстрада
симфониялық оркестрінің аспапшы әртісі болып еңбек етеді.
