Карандашова Марина Борисовна

Карандашова Марина Борисовна,
архивтағы жұмыс өтілі – 25 жыл.
Карандашова Марина Борисовна "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ – де (бұрынғы - "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ) 2000 жылдың 26.04 бастап мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің архившісі лауазымында жұмыс жасайды.
М. Б. Карандашова лауазымдық міндеттеріне сәйкес бекітілген архив қоймаларында келіп түскен құжаттарды қабылдау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу бойынша жұмыс жүргізеді, архив қоймаларында құжаттарды ұтымды орналастыруды, картондауды жүзеге асырады, топографиялық көрсеткіштер жасайды, зерттеушілерге оқу залына және АОМА қызметкерлеріне істер беруді ресімдейді, сондай-ақ ұйымдардың уақытша пайдалануына, олардың уақтылы қайтарылуын бақылайды, берілген істерді тіркеуді жүргізеді, құжаттарды сақтаудың температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимдерін, бекітілген архив қоймаларында өртке қарсы қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асырады, құжаттардың бар-жоғын және физикалық жай-күйін тексереді, олардың нәтижелерін талдайды және ресімдейді, қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша жұмыс жүргізеді. Істерді қалпына келтіруге береді. Сақтандыру қорын сканерлеу және құру үшін іс және тізімдеменің ақпараттық бөлімінің қызметкерлеріне береді. "Қор бойынша топографиялық көрсеткіш", "Архив қоймаларының төлқұжаты"дерекқорларына мәліметтер енгізеді. Қораптар мен істерді шаңсыздандырады.
М. Б. Карандашова алғашқы жылдардағы тізімдемелерді ішінара жетілдіру және құжаттардың құндылығын сараптау нәтижелері бойынша – істерді қайта шифрлау, істерге тізімдемелерді, титулдық парақтарды жасау бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Карандашова М. Б. жоғары білікті маман, жұмысқа жауапкершілікпен қарайды, жас қызметкерлерге олардың тәлімгері бола отырып, үнемі көмек көрсетеді.
Архив саласындағы жоғары еңбек жетістіктері мен көп жылдық еңбек қызметі үшін М.Б. Карандашова бірнеше рет Шығыс Қазақстан облысы архивтер және құжаттама басқармасының, Семей қаласы әкімінің, "ҚЗТҚО" КММ Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ "Архив саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
