Калиева Бубиш Оспановна

Калиева Бубиш Оспановна,
архивтік жұмыс өтілі – 25 жыл.
Калиева Бубиш Оспановна ұзақ уақыт бойы жетекші бөлімдердің бірі –Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының (қазіргі-Абай облысы мемлекеттік архиві) толымдау және ведомостволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы болды.
Ол мемлекеттік билік пен басқару мекемелері мен ұйымдарына, денсаулық сақтау жүйесіне жетекшілік етті. Ол Семей өңірінің барлық ұйымдық-құқықтық нысандарындағы мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың ведомстволық архивтері мен қамтамасыз ету құжаттары қызметтеріне әдістемелік және тәжірибе көмек көрсету жөніндегі істің жұмысын ұйымдастырды.
Оның тікелей қатысуымен Абай және Көкпекті аудандық архивтері құрылды.
Қалиева Бубиш Оспанқызы архивтік алқалы органдарының мүшесі, облыстық сараптамалық-тексеру комиссиясының сарапшысы болды. Жоғары кәсіби деңгейде іс жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын өткізді.
Жұмыс жасаған жылдары Б.О. Калиева өзін жоғары білікті маман, бастамашыл адал қызметкер ретінде көрсетті. Бірнеше рет КСРО және Қазақ КСР басшыларының жоғары еңбек жетістіктері үшін құрмет грамоталарымен марапатталған.
