Бекова Гульзинет Габдулбаровна

Бекова Гульзинет Габдулбаровна,
архивтік жұмыс өтілі – 29 жыл.
Бекова Гульзинет Габдулбаровна 1968 жылы Семей облысының мемлекеттік архивінде жұмысын бастаған облыстың ең көне архившілерінің бірі. Ол 1980-1983 жылдары Семей облыстық архивін басқарып, оның директоры болды. Кейіннен Гульзинет Габдулбаровна Семей облысы бойынша мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың құжаттарын ретке келтіру бойынша үлкен көлемдегі архивтің шаруашылық есеп бөлімін басқарды.
Г. Г. Бекова Семей облысының аудандық архивтер желісін құру және дамыту, оларды архивтік құжаттарын жинақтау жөніндегі жұмысқа тікелей қатысты.
Сарапшы ретінде Гүлзинет Ғабдулбарқызы аймақтық ғылыми-әдістемелік кеңестерге қатысты.
Өз жұмысы барысында Г. Г. Бекова өзін архив ісінің жоғары білікті маманы ретінде көрсетті. Бекова Г.Г. - жас архившілердің тәлімгері. Ол мемлекеттік архив жанындағы Семей, Курчатов, Өскемен қалаларының іс жүргізу қызметтері мен ведомстволық архивтері қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жыл сайынғы курстарының жұмысына қатысты.
Архив саласындағы жоғары еңбек жетістіктері мен көпжылдық қызметі үшін Г.Г. Бекова бірнеше рет КСРО, Қазақ КСР басшыларының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
