Перебеева Марина Ивановна

Перебеева Марина Ивановна

Перебеева Марина Ивановна,

архивтік жұмыс өтілі– 35 жыл.

 

          Перебеева Марина Ивановна 1986 жылы "Тарих, қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша әдіскер" мамандығы бойынша Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.

          М. И. Перебеева 1990 жылы Семей облысының мемлекеттік архивіне құжаттардың құндылығын жинақтау және сараптау тобының архившісі лауазымына қабылданды, микрофотореставрациялау зертханасының операторы, 1991 жылдан бастап микрофотореставрациялау зертханасының меңгерушісі болып ауыстырылды, 1993 жылдан бас архивші; 1997 жылдан ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының директорының орынбасары, 2001 жылдан (штат кестесінің өзгеруіне байланысты) ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қорларының бас сақтаушысы, лауазымдық міндеттеріне сәйкес директордың орынбасары болды; 07.07.2018 ж.бастап 09.04.2019 ж. дейін "ҚЗТҚО" КММ директорының міндетін атқарды, 2019 ж. 20 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы мемлекеттік архиві директорының орынбасары (АОМА).

          М. И. Перебеева АОМА қызметінің барлық бағыттары бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлейді, олардың орындалуы бойынша бөлімдердің қызметін үйлестіреді және бақылайды, архив қызметінің бағыттары бойынша есептерді дайындаумен айналысады, материалдарды жинақтайды және жоғарығы мемлекеттік билік органдары үшін анықтамалар мен ақпаратты дайындайды, ведомстволық құжаттарды сақтау, жеке құрам және іс жүргізуде құжаттарды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұйымдарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

          М. И. Перебеева архивтің ғылыми-зерттеу және баспа қызметін басқарады. Ол «Полигон», «Герои Советского Союза – семипалатинцы» брошюрсы, «Документы бывшего архивного фонда КПСС» Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бұрынғы архив қорлары бойынша жолсілтеме; «Неизвестные страницы истории Семипалатинского Прииртышья, 1920-1930 гг. ХХ в.», «Торговые связи Семипалатинского Прииртышья, XVIII -  начало XX вв.», «Величайшая трагедия казахского народа» (30-жж. ХХғ. аштық жайында), «Административно-территориальное управление в Восточном Казахстане, XVIII-XXвв.», «Развитие горного дела в Восточном Казахстане, XVIII-30 гг. XXвв.», «Переселенческая политика царского правительства и ее осуществление в Восточном Казахстане, XVIII – начало XX вв.», «Гражданская война в Восточном Казахстане,1917-1922 гг.», «И помнит мир спасенный…» (70 и 80-летию Победы в Великой Отечественной войне), «Развитие народного образования в Восточном Казахстане, 1917-1940 гг.», «Хранители времени», «Развитие культуры  в Восточном Казахстане, 1917-1940 гг.», «Подъем целинных и залежных земель в Семипалатинском Прииртышье, 20-50 гг. ХХв.» құжаттар жинағы авторларының бірі болып табылады.

          Заңсыз қуғын сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның өңірлік бөлімшесінің құрамында жұмыс жасай отырып «Абай облысында кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы (архивтік құжаттар жинағы)» - «Жертвы советских репрессий в области Абай (сборник архивных документов)», «Қайғылы тағдырлар: көзі көргендер  мен бастан кешкендер. Трагические судьбы:  виденное и пережитое», Шығыс Алашорда: адамдар және оқиғалар - Восточная Алашорда: люди и события» құжаттар жинағын құрастырушы болды.

М. И. Перебеева алқалы органдардың облыстық сараптама комиссиясының, АОМА дирекциясының және сараптамалық-тексеру әдістемелік комиссиясының мүшесі болып табылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, нормативтік-әдістемелік құжаттардың жобаларына және т. б. рецензиялауды жүзеге асырады.

          Архив саласындағы жоғары еңбек жетістіктері мен көп жылдық еңбек қызметі үшін М. И. Перебеева бірнеше рет Қазақстан Республикасы архивтер мен құжаттаманы басқару комитетінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің, ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасының, Семей қаласы әкімінің, Абай облысы әкімінің, мәдениет, даму басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды, "Архив саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған.