Кәрімбеков Мейрамхан Кенжеғалиұлы

Кәрімбеков Мейрамхан Кенжеғалиұлы

       Кәрімбеков Мейрамхан Кенжеғалиұлыкүйші. 1983 жылы 31 желтоқсан бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Медеу ауылында дүниеге келді.

         2002-2006 жылдар аралығында бала кезінен өнерге құштар Мейрамхан  Семейдің Мұқан Төлеубаев атындағы музыка колледжіне оқуға түсіп, «домбыра тенор» мамандығы бойынша бітірді. 

        2007 жылы еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы «Абай аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында күйші-домбырашы мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді.

        2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының мәдени өміріне жаңа өріс, тың серпін беріп, жарқын  істердің ұйытқысы болуда, халыққа рухани нәр беріп, ұлттық өнерді насихаттаудағы елеулі еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

        2021 жылы Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

        Өнерімен халыққа сіңірген адал еңбегі мен мәдениеттің өркендеуіне сүбелі үлес қосып, Абай елінің намысын биіктеткені үшін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Алғыс хатпен марапатталды.

       2022 жылы «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің 50 жылдық мерейтойына орай, ансамблдің дамуына қосқан жемісті еңбегі үшін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

      2024 жылы Кәрімбеков Мейрамхан Кенжеғалиұлы ауданның мәдениетіне көп жыл еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, жастарды  өнерге баулуда, халыққа рухани нәр беруде, ұлттық өнерді болашаққа жеткізудегі жемісті еңбегі, қызметтегі жоғары жетістіктері мен мәдениет саласының тұрақты дамып, өркендеуі жолында сіңірген абыройлы еңбегі мен елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасының Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының  «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.