Қойлышев Серікқұл Құрманқұлұлы

Қойлышев Серікқұл Құрманқұлұлы

Қойлышев Серікқұл Құрманқұлұлы – домбырашы, күйші-композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1961 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келген. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінде домбырашы болып қызмет атқарады. Серікқұл Қойлышев – бірнеше ән мен күйдің авторы, қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерін насихаттап жүрген өнерпаздардың бірі. 2022 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің №899 Жарлығымен мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін Серікқұл Құрманқұлұлы Қойлышевке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.