Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлы – халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі. Ол бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде дүниеге келіп, жаздық мекені Ақжайлау мен Сандықтас болды. Өмірінің соңына дейін осы жерлерде қалып, атамекенінде қайтыс болған. Бізге жеткен деректер бойынша, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған, әрі XIX ғасыр қазақ әдебиетінде өзіндік үлкен орны бар.
Дулат өзінің толғау‑жырларында сол заманның келелі мәселелерін көтеріп, өз заманының шындығын терең көрсете білді. Жеке адамдарға арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» сияқты шығармаларында ол сол кездегі қоғамның кейбір ұсқынсыз жақтарын өткір сатира арқылы ашып көрсетті.
