Алакөл аспанын әнмен тербеткен кеш: Бесқарағай өнерпаздары халықты тәнті етті
Алакөлде ән шырқалып, думан шалқыды!
Кеше Alazon Arena сахнасында «Алакөл алаулары – 2026» фестивалі аясында Бесқарағай ауданының мәдени күндері өтті.
Алакөлдің жазғы кешінде жиналған көрермен Бесқарағай өнерпаздарының үздік бағдарламасын тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Ал кештің арнайы қонақтары — Мұхтар Ханзада мен Өктем Алтаев өздерінің хит әндерімен көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сахнаның сәнін келтірді!
Алакөл жағалауын әнмен тербеткен ұмытылмас кеш Абай облысының тұрғындары мен қонақтарының жадында жарқын естелік болып қалды.
Фестиваль аясындағы мерекелік шаралар әрі қарай жалғасады!

