Абай облысы мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Абай атындағы кітапханасының директоры Мерей Қарт Түркияда жоғары марапатқа ие болды.
Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы Түркияның Анкара қаласында басталды.
Ақын Мерей Қарт аталған халықаралық шараға арнайы шақырылып,облыс әкімі Берік Уәлиұлының қолдауымен қатысты.
ТҮРКСОЙ ұйымдастырған салтанатты шараға түркі елдерінің зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесу аясында деректі фильм көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды және «Сүлейменов кабинеті» ашылды.
Шара барысында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Абай облыстық филиалының төрағасы Мерей Қарт «Семей полигоны және Олжас Сүлейменов» тақырыбында баяндама жасады.
Салтанатты рәсім соңында Мерей Қартқа Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары төсбелгісі табыс етілді.

