Жобалай би мазары, авторы Естебай, 1924- 1925 жылдар шамасы

Жобалай би мазары, авторы Естебай, 1924- 1925 жылдар шамасы
1924-1925 жылдар шамасы Аягөз ауданыМәдениет ауылынан батысқа қарай 18 километр
Кесене 1989 жылы зерттелген. Дөңгелек пішінде, өзекті үлгіде тұрғызылған, негізі біртіндеп кумбезбен жалғасады. Кірер есік төмен әрі шығысқа бағытталған, тас тактамен әшекейленген. Қабірдің орны байқалмайды. Кумбезге шикі кірпіш пен лай ерітіндісі қолданылған. Кумбездің өлшемдері: биіктігі – 3,3 м, негізінің диаметрі – 5 м, қабырғасының қалыңдығы – 0,5 м, жалпы көлемі – 46 текше метр. 2000 жылы жаз айында би ұрпақтары мен Мәдениет ауылының халқының қатысуымен жаңа кумбез тұрғызылып, силикат кірпішпен қапталған. Жобалай би (1700–1770 жж.) құрметіне арналған. Жобалай би – батыр және би, төрт әйелі, алты ұлы: Марка, Жиде, Тасыбай, Татан, Суттібай, Жанал. Ол Байсейітұлы, Алтай керейлері Шубартауына қоныстанғаннан кейінгі алғашқы би. 12 жасында бала би атанған. 1760 жылы Алтайдағы он екі Абак керейді қазіргі Даганды, Баканас, Кур, Қорық, Малгелді, Сары және Кусақ өзендері бойына көшіріп, қоныстандырған