Күшікбай зираты – 2012 жылы Күшікбай батырдың қабірінің басына халық демеушілігімен арнайы жоба бойынша салынған. Батыр дуылғасына ұқсас үлкен ескерткіш бой көтерген. Ескерткіштің негізі темірден тұрғызылып, Маңғыстаудың ақ үлкен тасынан қаланған. Ортасы ашық болып келеді, ортасына қопсытылған тастың үстіне найза мен қалқан қойылған. Ескерткіштің үш биігіндегі элементтерде қазақтың домбыра пішіні көрініс береді. Жобаның композициялық құрылымы ерекше.

