Ескерткіштің биіктігі 6 метр, бетоннан жасалып және мәрмәрмен қапталған. Құрылыска жергілікті халық шеберлері өңдеген кызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк пайдаланылған. Аласа тұғырбеттің үстінде биіктігі 2,6 м, төрт кабырғасында арка түрінде кіреберістері бар бөлме салынған, пішіні текше тәрізді, қабырғаларының ұзындығы 3,39 м. Құрылыстың төбесінде пирамида түрінде обелиск жасалған. Ескерткіштің касбетінде «Еңлік-Кебек» деген жазуы бар. Іште орналаскан гранит тактада «Көп жасамай, көк орған, жарасы үлкен жас өлім» Абайдың сөздері ойып жазылған. Тұғырбет темірбетоннан жасалған, гранит тактай таспен қапталған. Ескерткіштің қоршауы шағын шаршы тәрізді, аласа 8 бетон багандар орнатылып, өзара темір шынжырлармен қосылған. Қоршалған аланы 9 м х 9 м.
Тарихи деректер
Ескерткіш екі ғашықтың моласында қойылған: Қазақстанда XVIII гасырдың 1-ші жартысында феодалдык-әлеуметтік қайшылықтардың құрбаны болган Матай руының қызы Еңлік пен Тобықты руынан шыккан жігіт Кебек. Бүгінгі кезде дейін аныз ретінде жеткен «Еңлік-Кебек» поэмасының екі нұскасы белгілі: біріншісі Шәкәрім жазган «Жолсыз жаза яки кез болған іс» шығармасы, екіншісі Магауия Абайұлының жазған «Еңлік-Кебек» поэмасы. М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасы осы кайгылы оқигага арналган. Мұнара 1780 жылы Еңлік-Кебектің қабірінің үстіне салынган. Уақыт өте келе мұнара құлап, 1959 жылы Абай ауданының тұрғындары ескерткішті қалпына келтірді.

